Оңтүстік Қазақстандық қуыршақ фильм түсірушілер "Алдар көсе мен шайтандар" атты толық метражды фильм түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстандық қуыршақ фильм түсірушілер "Алдар көсе мен шайтандар" атты толық метражды фильм түсірді

Оңтүстік Қазақстандық қуыршақ фильм түсірушілер "Алдар көсе мен шайтандар" атты толық метражды фильм түсірді

Шымкенттегі "Жебе" студиясы "Алдар көсе мен шайтандар" атты толық метражды фильмді түсіріп бітірді. Бұл туралы Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында туындының продюсері Керімбек Ниязбаев хабарлады.

  • 20 Қыркүйек 2004
  • 2167
Фото - Caravan.kz

Фильм бір жарым жылда түсіріліп біткен. Оңтүстік Қазақстандық қуыршақ фильм түсірушілер дүниеге әкелген анимациялық үлгі Алдар көсе туралы дәстүрлі туындылардан өзгешелеу. Онда Алдар көсе бәлекеттерді тек даналығы мен батылдығының арқасында ғана емес, сондай-ақ, шығыстың жекпе-жек тәсілдерін жетік меңгерген ширақтығымен де жеңіп шығады. Қуыршақ фильм қазіргі заманғы жаңа ән-саздармен өңделген.

Қуыршақ фильмнің премьерасы 28-қыркүйек пен 4-қазан аралығында Алматыда өтетін «Шәкен жұлдыздары» халықаралық кинофестивалінде жасалады.
Оңтүстік Қазақстандағы «Жебе» студиясы өзінің тұңғыш қуыршақ фильмін 1999-жылы түсірген. 2001-2002-жылдарда студия алғашқы марапаттарға ие болып, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің бірінші және екінші дәрежелі дипломдарын жеңіп алды. Былтыр бұл студия журналистердің кәсіби мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі жариялаған деректі фильмдер байқауында бас жүлдені қоржынға салды.