1,7 млрд теңге жымқырып, сотталған ректордың жазасы жеңілдемейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1,7 млрд теңге жымқырып, сотталған ректордың жазасы жеңілдемейтін болды

1,7 млрд теңге жымқырып, сотталған ректордың жазасы жеңілдемейтін болды

 

  • 6 Қараша 2023
  • 33
Фото - Caravan.kz

Алматы облыстық соты Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековке қатысты прокурордың жеке өтінішін қарады, деп хабарлайды Caravankz медиа порталы Кazinform-ға. сілтеме жасап. 

Апелляциялық инстанция Шыныбековты ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстыру туралы сот үкімнің күшін жойып, прокурордың жеке өтініші қанағаттандырылды.

«Сот қаулысы орындау үшін Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жолданды», — деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 2020 жылы №2 Бостандық аудандық соты университеттің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков пен бұрынғы есепші Жанайым Спабекованы бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Судья сотталушылардың әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар екеуінің де мүлкі тәркіленді.

Айта кетейік осыдан үш жыл бұрын экс-ректорға қатысты ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімімен

қылмыстық іс қозғалған еді.

Дамир Шыныбеков пен есепші Жанайым Спабековаға 1,7 млрд теңгені жымқырды деген айып тағылған болатын.