Тоқаев Қазақстан халқы санының 20 млн-ға жетуімен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Қазақстан халқы санының 20 млн-ға жетуімен құттықтады

Тоқаев Қазақстан халқы санының 20 млн-ға жетуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халық санының 20 миллионға жетуімен құттықтады. 
 

  • 16 Қараша 2023
  • 10
Фото - Caravan.kz

Президент құттықтау сөзін әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы — бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», — деп жазды Президент Twitter-де.

Еске сала кетейік, Finprom.kz мәліметтері бойынша 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1,41%-ке көп.