"Қазақтың музыкасы шетелдіктерге де үлкен рухани серпіліс берді" - "Тұран" ансамблінің мүшесі - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтың музыкасы шетелдіктерге де үлкен рухани серпіліс берді" - "Тұран" ансамблінің мүшесі

"Қазақтың музыкасы шетелдіктерге де үлкен рухани серпіліс берді" - "Тұран" ансамблінің мүшесі

Қазақ халқының ұлттық бірегейлігі – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тарих, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық музыка мен рухани мұраның тұтастығынан қалыптасады.

  • 24 Шiлде
  • 76
Фото - facebook.com/SerikNurmolda

Осы құндылықтарды әлемге насихаттап жүрген «Тұран» этно-фальклорлық ансамблінің мүшесі Серік Нұрмолдаев қазақ музыкасының ерекшелігі мен ұлттық өнердің маңызы жайында сұхбат берді.

Қазақтың дәстүрлі күйлері мен көне аспаптары қазіргі жастарға қаншалықты жақын деп ойлайсыз? Оларды қызықтыру үшін не істеу керек?

— Өзіңіз білесіз «Тұран» ансамблінің құрылғанына 20 жылға таяп қалды. Бүгінгі жағдайды 20 жыл бұрынғы жағдаймен салыстыра алмаймыз. 20 жыл бұрын жастар арасында дәстүрлі күйлерге, әндерге қызығушылық өте аз болатын. Көпшілік қауым домбыра мен қылқобызды ғана білетін еді, басқа аспаптарды білмеген. Сол кездерде үлкен қозғалыс басталды. Фальклорлық музыкаға деген сүйіспеншілік, оны дамытудың жаңа жолдары деген сияқты. Сол уақыттарда «Ұлытау» тобы жаңғырып тұрды, Еділ ағамыздың шығармашылығы бізді қатты шабыттандырды. Отырар сазы, Құрманғазы оркестрі, Асылбек Еңсеповтен шабыттанып, өзімізге сіңіріп жүрдік.

— Қазіргі таңда әлемде көптеген адамдар қазақ музыкасына деген қызығушылығы үлкейді, көбейді. Өздері қазақ болмаса да, түркі болмаса да аспат жасатып немесе аспап алдырып оны интернеттен үйреніп домбыра, қобыз үйреніп жүргендердің саны қазір көбейді. Одан бөлек олар қазақ тілін де үйрене бастады. Демек, бұл Қазақстанның, қазақ мәдениетіне деген қызығушылығы көбейе түсті.

Шетелде өнер көрсеткенде көрермендерді ең көп таңқалдырған қазақтың қандай ұлттық аспабы немесе шығармасы болды?

— Бөліп, жарып айта алмаймын, өйткені қазақтың әрбір аспабының, әрбір шығармасының орны бөлек және өте үлкен маңызды рөл атқарады. Сондықтан да оны бөліп, жара алмаймыз. Сонау 2008 жылы біз бірінші гастрольдік сапарға барған уақытта біздің ансамбльді, біздің шығармашылықты  көбіне экзотика ретінде көретін. Себебі, олар бұған дейін қазақтың музыкасымен таныс болған жоқ. Сондықтан бұл олар үшін жаңа бір дүние болып көрінді. Біз шетелге көп шыға берген сайын қазіргі таңда «Тұран» үлкен жұлдызды деңгейге өсті. Қазіргі кезде қазақтың аспаптарына, шығармаларына қызығушылық басым деп айттым ғой. Әр аспап, әр шығарма бұл қазақ мәдениетінің жауһары.

Қазақ музыкасын тыңдау арқылы шетелдік адам халқымыз туралы қандай әсер алуы керек деп ойлайсыз?

— Қазақтың музыкасы қазіргі таңда шетелдіктер үшін әлемдік музыкамен бірдей болудан қатар үлкен рухани серпіліс берді. Себебі – біздің музыка, біздің ата-бабаларымыздың философиялық ойлары, тарихы, бай мәдениеті соның барлығы түгел әлемдік көрерменді таң қалдыруда. Өйткені, мұның барлығы қазақ әні немесе күйі болып ғана емес, бұл ұлттық код. Бұл ұлттық кодты түсіне білген шетелдік адамзатқа бұл нәрселердің барлығы қызықты және қазіргі таңда мысалы тек «Тұран» ансамблін алатын болсақ, қазіргі таңда «Тұранның» шығармашылығын көптеген кітаптарға енгізді, көптеген ғалымдар «Тұранның» шығармашылығы арқылы қазақ музыкасын танып-біліп жатыр, тек тыңдау арқылы емес, жазу арқылы да. Көптеген ғылыми жұмыстарға еніп кеткен. Мәдениет деген үлкен тіл. Мәдениет арқылы халықтың тұла бойын, халықтың табиғатын, халықтың тарихын, болмысын бәрін білуге болады, тануға болады. Сондықтан да қазіргі таңдағы Қазақстанның үлкен бренд ретінде қалыптасуы осы мәдениетке байланысты, бұл жұмыс өте қарқынды жүріп жатыр.

Сұхбатыңызға рақмет!