Министр Балаева келер жылы бетперде мен ниқаб киюге тыйым салынатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр Балаева келер жылы бетперде мен ниқаб киюге тыйым салынатынын айтты

Министр Балаева келер жылы бетперде мен ниқаб киюге тыйым салынатынын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қоғамдық орындарда бетперде мен ниқаб киюге қатысты қандай тыйым шаралары қабылданатыны туралы айтты. 

  • 26 Желтоқсан 2023
  • 72
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Министр әрбір адамның діни сезімін құрметтеу керектігін айтты. Сондықтан бұл жұмыстар әлі де қоғаммен бірге жан-жақты талқыланатынын жеткізді. 

“Дін мен мемлекет бөлек. Әр адамның діни сезімін құрметтеуіміз керек. Сол тұрғыда әрбір шешім жан-жақты қоғаммен талқыланып, зерделеніп содан кейін шешім қабылдау керек. Бір күнде өзгертіп тастау оңай. Ертең қандай шу болып, адамдар наразылығын білдіреді. Біз соны да ескеруіміз керек. Депутаттардың да нақты сауалдары болатын. Біз біріншіден дін саласындағы тұжырымдамамызды анықтап алдық. Бүгінгі кезде бізге не өзекті, қандай мәселелер нақты керек деген?! Ал енді қауіпсіздік тұрғысында міндетті түрде  бетперде, ниқабқа қатысты ұстанымнан біз кеткен жоқпыз. Оны заңды тұрғыда қарау мәселесі, оның салдары бойынша қазір зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы да ескере отыра айтамын ол тек қана біздің министрліктің құзыретінде емес. Қоғаммен ақылдасып жасалатын ісшара. Сондықтан талқылаулар міндетті түрде ендігі жылы болады”,-деді Балаева.  

Министр бетперде, ниқабқа қатысты шектеулер келесі жылы енгізілуі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ Балаева дін саласы министрлік алдындағы үлкен жауапты бағыт екенін атап өтті.  Бұл бағытта үш өзара байланысты міндетке тоқталды.  

“Біріншісі – халық арасына зайырлы мемлекет құндылықтарын насихаттау, екіншісі – дінаралық келісімді сақтау, үшіншісі – діни экстремизмді болдырмау. Осыларды іске асыру үшін де өзара үш тығыз бағытта жұмыс істеп келеміз. Бұл – ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, деструктивті діни көзқарастағы азаматтарды райынан қайтару және интернет арқылы діни экстремизм идеологиясына қарсы жұмыстар. Әрине, мәселенің салдарымен емес себебімен күресу керек екені айқын”,-деді ол. 

Министр атап өткендей, діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 14 мыңнан астам заңсыз материалдар жойылып, бұғатталған. Әлеуметтік желілердегі радикалды діни топтардан 20 мыңнан астам адам алшақтатылғанын айтты.