Төс белгі мен дипломды оған Татарстан президенті Минтимер Шаймиевтің өзі тікелей Астанада табыс етті. 27-28-қазанда онда Қазақстандағы Ресей жылы аясында Татарстан Республикасының күндері өткен.
Раиса Бекмұхаметова бірнеше жылдан бері Петропавлдағы «Дуслык» татар мәдениеті орталығын басқарады. Ол Астанада өзінің жерлесі Фаим Мударисовпен бірге Солтүстік Қазақсатан облысындағы татар диаспорасының өкілі ретінде болды.
Мұндай жоғары атақ Р.Бекмұхаметовның төл тілін, мәдениетін, татар халқының салт-дәстүрлерін сақтап қалғаны үшін беріліп отыр.