“Ата мен әженің махаббатына қалай ренжуге болады? Ата мен әже деген махаббаттың шыңы” - продюсер Гүлнұр Мамасарипова - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ата мен әженің махаббатына қалай ренжуге болады? Ата мен әже деген махаббаттың шыңы” - продюсер Гүлнұр Мамасарипова

“Ата мен әженің махаббатына қалай ренжуге болады? Ата мен әже деген махаббаттың шыңы” - продюсер Гүлнұр Мамасарипова

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова ата мен әже махаббаты туралы, оның жақсы тұстарын айтып берді.

  • 8 Ақпан
  • 91
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Мамский әңгіме" бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Көпшілігі ата мен әженің қолында өскенді басқаша рең берген. Көпшілігі үшін ол травма, әке-шешесіне ренжіп, бауырларымен араласа алмай қалған. Сондай әңгіме көп. Сол нәрсені көріп олардың өмірі менікіндей болмаған шығар деп ойлаймын. Сондықтан шығар деп. Арғы түйсігіме салатын болсам да, ата мен әже деген махаббаттың шыңы. Оны бәріңізде бастан өткізіп отырған шығарсыздар. Баланы біз тәрбиелеу кезінде қолымыз тимейді, жақсы көруге қолымыз тимейді. Жүгіріп жүресің, ақша табу керек, жұмысқа баруың керек, өзің әдемі болып жүруің керек, күйеуіңе қарауың керек. Балаңды жақсы көріп, аймалап отыруға уақытың жоқ. Ал ата мен әже болған кезде уақытың жетеді. Ата мен әженің көрген баққаны немере. Бүкіл махаббаттарын, өмірден алған жастардың тілімен айтқанда инсайттардың барлығын балаға салып отырған екі адам. Сол екі адамның махаббатына қалай ренжуге болады? Сол екі адамның махаббатына қалай тоймауға болады? Мен осыны түсінбеймін. Олардан мен үлкен махаббат алдым, ол кісілерге үлкен рақмет. Менің адами, азаматтық портретімді екеуі салып кеткен. Әке-шешем оны маған бере алмас еді. Әке-шешемнің ақшасыз жүргені кезі болған шығар, өйткені олар жас отбасы болды. Олар бір-бірімен ұрысқан шығар, керіскен шығар. Ал мен ұрысып, керісіп бәрін бітірген шал мен кемпірдің ортасында бейбітшілікте өмір сүрдім"