Шетелдік балаларға Ұлттық қордан ақша аударылғаны рас па – Қаржы министрлігі түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдік балаларға Ұлттық қордан ақша аударылғаны рас па – Қаржы министрлігі түсіндірді

Шетелдік балаларға Ұлттық қордан ақша аударылғаны рас па – Қаржы министрлігі түсіндірді

Сенат отырысында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Ұлттық қордан балаларға төленетін төлемнің шетелге кетпейтінін айтты.

  • 9 Ақпан
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Қазақстан азаматтығынан айырылған балаларға ақша аударылғаны туралы ешқандай факт естімегенін айтты.

"Шетелдік балаларға ақша аударылғаны туралы бірде-бір деректі естіген жоқпын. Мұндай ақпарат анықталса, әрине, тиісті шаралар қолданылады. Жобаға қатысудың маңызды шарттарының бірі – Қазақстан азаматтығы. Егер бала ел азаматтығынан айырылса, түскен ақша елде қалады. Барлық баланың шоты БЖЗҚ-да жинақталған, ондай жайт болғанның өзінде ақша ешқайда кеткен жоқ, себебі қазір ол бірыңғай оператор ретінде БЖЗҚ депозиттік шотында жинақталған. Біз оларды жеке банк шоттарына жібермейміз, бұл ақшаның бәрі Қазақстанда", – деді Ержан Біржанов.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық балалар президенттің бастамасымен қолға алынған

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша ақшаны 1 ақпаннан кешіктірмей алатыны айтылған еді. 1 ақпан күні Ұлттық қордан алғашқы төлемдер түсе бастады. Ұлттық қордан балаларға 700 миллион доллар бөлінді.