Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды

Қазақстан Президентін Дохадағы «Хамад» халықаралық әуежайынан Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

  • 14 Ақпан 2024
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 14 ақпан күні Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.

Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

 

Перейти к новостям спорта