Елімізде "Тарлан-2004" сыйлығын табыс ету салтанатына дайындық жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде  "Тарлан-2004" сыйлығын табыс ету салтанатына дайындық жұмыстары басталды

Елімізде "Тарлан-2004" сыйлығын табыс ету салтанатына дайындық жұмыстары басталды

Қазақстанның Меценаттар клубы 2004 жылдың кезекті "Тарлан" тәуелсіз сыйлығымен марапаттаудың бесінші мерейтойлы салтанатын өткізетіні жөнінде хабарлады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне шараны ұйымдастырушылар.

  • 7 Желтоқсан 2004
  • 695
Фото - Caravan.kz

Өткен жылдардағыдай сыйлықтар әдеттегідей «Платиналы Тарлан», «Қосқан үлесі үшін», және «Жаңа есім-Үміт» деп аталған үш деңгей бойынша сегіз номинация — әдебиет, музыка, бейнелеу өнері, театр, кино, ғылым және ағарту саласы бойынша ұсынылады. Өтініш беруші үміткерлердің еңбектерін қарау барысында, 2004 жылы республикада қоғам назарын аударған немесе қоғам үшін жасалған ірі жұмыстарға баса баға беріледі.

Өтініш бергенде шығармашылық одақтардың, ғылыми және педагогикалық қоғамдардың, ғылыми, мәдени, әрі ағарту мекемелерінің ұсыныстары, баспасөздегі жарияланымдар, радио мен теледидар хабарлары ескерілетін болады.
Қазір «Тарлан» сыйлығын табыс ету салтанатының нақты мерзімі анықталу үстінде.