“Қайратты сахнаға шығарамын деп, Жұлдызды құрбандыққа шалып еді”: Қайрат Нұртас туған күнін тойлап, сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қайратты сахнаға шығарамын деп, Жұлдызды құрбандыққа шалып еді”: Қайрат Нұртас туған күнін тойлап, сынға қалды

“Қайратты сахнаға шығарамын деп, Жұлдызды құрбандыққа шалып еді”: Қайрат Нұртас туған күнін тойлап, сынға қалды

Танымал мегажұлдыз, әнші Қайрат Нұртас туған күнін атап өтті. Өнер иесі 35 жасқа толды.

  • 26 Ақпан
  • 6506
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Өнер иесі жаңа жасын тараздық тыңдарманмен бірге қарсы алды. Ата-анасы да жанынан табылды. Әншінің анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлының туған күніне жазба арнады. 

“Тұла бойым тұңғышымды құттықтауға Таразға келдім. Осы жақта концерт беріп жүр еді. Қуатжан күйеу балам мен Мерей қызым дастархан жасап, сағат 00.00-ді көрсеткенде құттықтауды бастап кеттік. “Бар болған қандай жақсы” демекші, қай жерде жүрсек те ағайын-бауырдың бары қандай жақсы. Ары қарай Алматымызға жол тарттық”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы. 

Желі қолданушылары 35 жасқа толған әнші анасымен бірге жүргенін сынап жатыр. Бірі ата-ана үшін бала неше жасқа келсе де, сәби болып қалатынын түсіндіріп әлек. 

“Жұлдыз ғана жетпей тұр”, “40-қа толса да, шешесінің жанында жүретін шығар”, “Қайратты сахнаға шығарамын деп, Жұлдызды құрбандыққа шалып еді”, “Әйелдің өзінен де бар шығар”, “Әйелі мен балаларына ешкім жетпейді”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.