«Көзі ағып кетпеген, адамдар пікір жазар алдында ойлануы керек қой?»: Бишімбаевтың қорғаушысы қайғылы жағдайдың неден басталғанын ашып айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Көзі ағып кетпеген, адамдар пікір жазар алдында ойлануы керек қой?»: Бишімбаевтың қорғаушысы қайғылы жағдайдың неден басталғанын ашып айтты

«Көзі ағып кетпеген, адамдар пікір жазар алдында ойлануы керек қой?»: Бишімбаевтың қорғаушысы қайғылы жағдайдың неден басталғанын ашып айтты

Қоғамда Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың ісі әлі де қызу талқыланып жатыр.

  • 1 Наурыз
  • 143
Фото - Caravan.kz

Осы орайда, Бишімбаевтың қорғаушысы Назкен Құсайынова тағы да сұхбат беріп, оқиғаның қалай өрбіп жатқанын баяндады, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол Abay Live подкастында мәлім етті.

«Сот ісі басталмастан бұрын екі жақ тарап та іс бойынша қандай да бір мәліметті таратпау туралы қолхат береді. 7.20. Олар өздеріне керек тұстарын ғана халыққа көрсетіп жатыр… Сондықтан әр адам пікір жазар алдында ойлану керек. Ол істі ол көрген жоқ, іс материалдарымен таныс болған жоқ. Бірде-бір затты көрмей пікір жазу, ол қателік деп есептеймін. Адамның кінәсі үкім шықпағанша, ол кінәсіз деп саналады. Қазіргі таңда Қуандық Бишімбаев «кінәлі, адам өлтірді» дегенмен келіспейді, мен оның қорғаушысы ретінде мұнымен келіспеймін. Неге? Себебі осы іс бойынша 13 сараптама жасалды, қазір жәбірленуші жақтан жедел-жәрдем өзі шақырмаған, бауыры шақырған, осындай сағат жатып қалған т.т. деген ақпарат тарап жатыр ғой? Өйткені жәбірленушінің өкілдерінің арнайы сараптама жасайтындай, арнайы білімдері жоқ. Олар оқиғаның негізінен қалай болғанын білмейді, тек видео скриншоттар беріп отыр, ал олар әр түрлі болады…», — дейді қорғаушы.

Сонымен бірге ол марқұм Салтанат Нүкенованың «азаптау» бабы бойынша жан тәсілім етпегенін айтты.

«Біріншіден сұхбат берген кезде біз бірде бір іс материалдарын жариялаған жоқпыз, ол анық, ол факт. Біз тек Ерғалиеваның сұрақтары мен Салтанаттың туыстарының бұрынғы таратып жүрген сұрақтарына жауап бердік. Нүкенованың туысының Нүкенованың денесі көкала және бір көзі ағып кетті деген сұхбаты бар. Сол бойынша біз жауап бердік. Полиция келген кезде хаттама толтырады, хаттамада қандай дене жарақаттары бар екені, бәрі белгіленеді. Ол жерде мен көзінің ақпағанын, денесі көгермегенін айттым. Ол кезде мен бірде-бір сараптамаға жүгінген жоқпын… Мен ағасы айтқан денесінде сау тамтығы жоқ деген ақпаратты жоққа шығардым, себебі хаттамада ол жазылмаған», — дейді ол.

Сұхбат барысында адвокат Нүкенованың туыстары жариялаған бейнескрин туралы да айтты.

«Скриншотта ештеңе көрініп тұрған жоқ, ол жерде тек қана сурет. Оқиғаның қалай болғаны туралы ол жерде толығымен көрініп тұрған жоқ. Бейнексринде оның ұрып-соққаны көрініп тұрған жоқ, әр адам оны әр түрлі көріп, қабылдауы мүмкін. Сіз оны көрсеңіз де, мен ол видеода ұрып-соққан деп айта алмаймын…Іс материалдарында жауап алу хаттамалары бар, Қуандық бірінші екі-үш айда жауап беруден бас тартқан, оның ондай құқығы бар… Ең ашық жауабы, азаптау бабын таққан кезде, сол кезде тергеуші изоляторға келіп, жауап алған хаттамасы бар…», — деп түсіндірді ол.

Адвокаттың пікірінше, скриншоттың бір бөлігін алып, интернетке жариялау дұрыс емес екен.

«Бір сараптаманың бір бөлігін жұлып алып, интернет салу деген дұрыс емес, себебі ол сараптаманың басында не жазылғанын кім біледі? Оны жариялап, адамдардың пікірін өзгертеміз деген, дұрыс емес жауап… Ондай азаптау болмады, ол азаптаудың барлығын Қуандық жоққа шығарды», — деді ол.

Одан бөлек сұхбат барысында адвокат «жедел-жәрдем уақтылы шақырылмады» деген пікірге қатысты да өз ойын білдірді.

«Жедел-жәрдем уақтылы шақырылмады деген пікірмен келіспеймін, себебі Қуандық пен Салтанат 9-ы күні, сол жерде, вип залда болған. Кіріп-шығып жүрген, басқа да адамдар келген, оның бәрін көрген, сот болған кезде оның бәрі зерттеледі ғой? Ол ұйықтап жатқан кезде, оған көмек немесе жедел-жәрдем керек деп ешкім ойламаған. Ол ұйықтап, кейін оянады деп ойлаған.

Соққы, ұрыс-жанжал болған, болмағанын қазір айта алмаймын. Қуандық жауап берсін, сол кезде Қуандықтың жауабынан кейін ғана біз бір мәліметтерді бере аламыз. 19.55-те Қуандық бауырына жедел-жәрдем шақыр деген. Сол кезде бауыры жедел-жәрдемді шақырып отыр», — деп түсіндірді Назкен Құсайынова.