"Бәрі өңкей вахабистер, домбыраны қайтеді олар, тіпті харам дейді": Мақпал Жүнісова танымал әуе компаниясының бар былығын жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бәрі өңкей вахабистер, домбыраны қайтеді олар, тіпті харам дейді": Мақпал Жүнісова танымал әуе компаниясының бар былығын жайып салды

"Бәрі өңкей вахабистер, домбыраны қайтеді олар, тіпті харам дейді": Мақпал Жүнісова танымал әуе компаниясының бар былығын жайып салды

Қазақ өнерінің жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова әуежайда домбыраға қатысты шу шыққанын мәлімдеді.

  • 13 Наурыз
  • 341
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, еліміздегі танымал әуе компаниясы әншінің домбырасын ұшаққа өткізбей, кешелі бері әбден жүйкесін тоздырған, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы. 

Мақпал Жүнісова еліміздегі Fly Arysrtan әуе компаниясына ешкімнің сөзі өтпейтінін айтып, налыды. 

"Мынау "Fly Arysrtan"-ға бір ауыз сөз айтатын ер адам қалмаған ба? Сұмдық қой, домбырамды өткізбеді. Мәшине жалдап, Қостанайға мәшине алып баратын болып жатыр. Мынау масқара ғой енді, білмеймін, айтарға сөзім жоқ… Бәрі қазақтың қыздары, біз Fly Arysrtan-ның заңына бағынамыз дейді. Өмір бақи сол домбырамен ұшып жүрдік қой, домбыра сияды, үстіне қоятынбыз. Сыймайтындай аспап емес, таң атпай нервімді құртып отыр, төрт қазақтың қызы, ештеңе жасай алмаймыз дейді. Мәшине шақырттық, сол алып баратын болды. Бес сағат күтеміз енді, аман-есен жетсін, ақшамызды да алмай тұр", — деп налыды Халық әртісі. 

Желі қолданушылары да әншінің бұл сөзіне қолдау көрсеткен. Олар: 

"Жоғарыдағылардың бәрі вахабистер, сосын олар домбыраны харам дейді. Домбыраның үнін есту оларға харам. Қазақты қорлау бұл", "Домбыра арақ, есірткі емес, ұлттық аспап емес пе, өткізбегендені несі?", "Өз елімізде қасиетті домбырамызды өзімізбен бірге алып жүре алмайтын күйге жеттік, масқара", "Сұмдық шынымен, ешкімнің сөзі өтпейді бұларға" деген пікірлерін жаудырды.