"Жыныстық жолмен берілетін ауруларды қасақана таратқан": Патшалық Ресей қазақ халқын жою үшін қандай әрекеттерге барған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жыныстық жолмен берілетін ауруларды қасақана таратқан": Патшалық Ресей қазақ халқын жою үшін қандай әрекеттерге барған

"Жыныстық жолмен берілетін ауруларды қасақана таратқан": Патшалық Ресей қазақ халқын жою үшін қандай әрекеттерге барған

Желіде Орынбор орыстарының қырғыз, кавказ халықтарына жыныстық жолмен берілетін жұқпалы ауруларды жүйелі түрде таратқанын дәлелдейтін тарихи жазба тарады.

  • 20 Наурыз
  • 1417
Фото - Caravan.kz

 Кавказ соғысының қатысушысы, поляк офицері Теофил Лапинскийдің "Кавказ таулары және олардың орыстарға қарсы азаттық күресі", 1857-1859 жж атты кітабынан келтірілген тарихи деректі Facebook желісінде Нұрлан Салтаев жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"…Абхазиялық қыздар мен әйелдер теңізде немесе құрлықта орыстардың қолына түсетін. Ресейлік сарбаздардың түрлі ойын-сауық кештерінде ойыншық ретінде қызмет көрсеткен қыздарды кейіннен олардың отбасылары сатып алған. Бірақ, ол қыздар елге қауіпті жұқпалы ауру әкелді. Абхазия халқы бұл ауру туралы ештеңе білмегендіктен, оған қарсы қандай да бір емдік құралдарды да қолдана алмайтын. Жергілікті халық мұны  urus smage (орыс әлсіздігі) деп атады. Бұл ауру кейбір елді-мекендерде жиі кездесетін. Тұрмысы нашар, кедей адамдар алғаш рет бұл дерт туралы, онымен күресу жолдарын бізден білді. Олар аурудың таралуын алдын-алу үшін бәрін жасады"

 "Орынбор аймағындағы орыстар қырғыз (қазақ) халықтарын моральсыздандырып, жою үшін жыныстық жолмен берілетін ауруларды жүйелі түрде таратқанын жиі естідім және оқыдым…".,- делінген тарихи жазбада. 

Қосымша ақпарат: Теофил Лапинский  Кавказ соғысында черкес жағында соғысқан поляк офицері. Кавказда Теффик бей деген атпен танымал. 1863 жылы Гамбургте Кавказ соғысы мен жергілікті халық туралы "Кавказ таулары және олардың орыстарға қарсы азаттық күресі" атты кітабын шығарған.