Үкімет басшысы әдебиет, өнер және сәулет саласындағы 2004 жылғы мемлекеттік сыйлықтарды табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы әдебиет, өнер және сәулет саласындағы 2004 жылғы мемлекеттік сыйлықтарды табыс етті

Үкімет басшысы әдебиет, өнер және сәулет саласындағы 2004 жылғы мемлекеттік сыйлықтарды табыс етті

Бүгін, 24-желтоқсанда үкімет басшысы Даниал Ахметов әдебиет, өнер және сәулет саласындағы 2004 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарын табыс етті, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Желтоқсан 2004
  • 525
Фото - Caravan.kz

Әдебиет саласындағы мемлекеттік сыйлық «Парасат майданы» повесі үшін Төлен Әбдікке берілді. «Музыка, театр және кино» номинациясы бойынша мемлекеттік сыйлықтар 1999-2003-жылдар аралығындағы концерттік бағдарламалары үшін Роза Рымбаева мен Алтынбаек Қоразбаевқа, сондай-ақ, қазақ фольклорын зерттеу материалдарын қамтыған монографиясы үшін Ақселеу Сейдімбекке табыс етілді. Көркемсурет және сәулет саласындағы мемлекеттік сыйлық 1999-2003-жылдар аралығындағы шығармашылық туындылары үшін суретші Ерболат Төлепбайға берілді.