Израиль киносыншылары қазақ киносына жоғары баға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израиль киносыншылары қазақ киносына жоғары баға берді

Израиль киносыншылары қазақ киносына жоғары баға берді

"Халықаралық кинофестивальдерде кәсіби шеберлігімен және кинематографиялық үлкен талғаммен түсірілген қазіргі заманғы қазақ киноларын эстетикалық феномен ретінде қабылдауға болады". Ақпан айының 1 мен 12 аралығында Израиль елінде өтетін Қазақ киносының күндері аясында қазақстандық режиссерлардың кинотуындыларымен танысқан Израиль киносыншылары осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Ақпан 2005
  • 485
Фото - Caravan.kz

Израиль киносыншыларының айтуынша, қазақ ұлттық кинематографының бұл табысы — Посткеңестік мәдениеттің басты бір соны жаңалығы болмақ.

ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, Израиль елінде қазақ киносының тұсаукесерін өткізу үшін Сергей Әзімов басқарған танымал кинорежиссерлар мен «Қазақфильм» ҰК өкілдері барды. Қазақ киносының күндері аясында еліміз өкілдері Израиль кинематографистері, мәдениет және өнер қайраткерлері мен кинокөрермендерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Қазақстандық кинотүсірушілер Израиль көрермендеріне таныстыру үшін түрлі бағыттағы 6 фильм әкелді. Соның ішінде режиссер Сатыбалды Нарымбетовтың Семей ядролық полигонының маңында тұрған адамдардың тағдыры туралы «Ләйләнің мінажаты» атты фильмінің тұсаукесері өтті.