М.Әуезовтың айтуынша, журналдың басты мақсаты — «қазіргі таңда Қазақстанда болып жатқан көркемдік және мәдени процестерді сыни көзқарас тұрғысынан бағамдау және оларды дамытуға ынталандыру» болып табылады.
Басылым құрылтайшыларының пікірінше, «Айт» журналының негізгі оқырмандары — журналистер қауымы болмақ. Журналда жарық көрген материалдар журналистерге еліміздегі мәдени және әлеуметтік салалардағы оқиғаларға қатысты дербес әрі тәуелсіз көзқарас қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс.
Журналдың шеф-редакторы Әсия Мұхамбетованың айтуынша, «Айт» журналы сонымен бірге «ғылым мен БАҚ-тар арасын жалғастырушы» алтын көпірге айналып, журналистер үшін гуманитарлық салада жұмыс істейтін ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері төңірегінде толыққанды ақпараттық кеңістік құруға қолғабыс бола алады.
«Айт» журналының алғашқы саны 2005-жылдың маусым айында жарық көреді. Ал қыркүйек айынан бастап журнал ай сайын шығып отырады.