Соңғы төрт жылда республикалық бюджеттен мәдениет саласына бөлінген қаржы көлемі 8 есе өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы төрт жылда республикалық бюджеттен мәдениет саласына бөлінген қаржы көлемі 8 есе өсті

Соңғы төрт жылда республикалық бюджеттен мәдениет саласына бөлінген қаржы көлемі 8 есе өсті

Соңғы төрт жылда республикалық бюджеттен мәдени бағдарламаларды қаржыландыру көлемі 8 есе өсті. Бұл туралы бүгін, 20-мамырда "Қазақстан Республикасында мәдениетті дамыту және сақтап қалуды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету" тақырыбындағы парламенттік тыңдауда ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрі Есетжан Қосубаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Мамыр 2005
  • 857
Фото - Caravan.kz

«2000-2004-жылдар аралығында мемлекеттік бюджеттің барлық деңгейлері бойынша мәдениет саласын қаржыландыру көлемі оң қарқынмен өсті»,- деді министр. Мәселен, 2004-жылы жергілікті бюджеттерден мәдениет саласын қаржыландыру көлемі 18,1 млрд. теңгені құрады. Бұл — 2000-жылғымен салыстырғанда 2 есе артық.

Мемлекеттік бюджетте мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға 2004-жылы 26,5 млрд. теңге қарастырылды. Министрдің айтуынша, 2003-жылғымен салыстырғанда мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қаржысының көлемі 50 процентке артты.
Сонымен бірге 2004-жылы жергілікті бюджеттен республика көлемінде кітап қорын толықтыруға 113,9 млн. теңге бөлініп, 149 мәдени нысанға күрделі жөндеу жасалды. «Бұл сандар мемлекет тарапынан мәдениет саласын дамытуға басымдық берілгенін дәлелдей түседі»,- деді Е.Қосубаев.