Қазақстан "Мәдени мұра" бағдарламасын дүниежүзілік қауымдастыққа таныстырмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан "Мәдени мұра" бағдарламасын дүниежүзілік қауымдастыққа таныстырмақшы

Қазақстан "Мәдени мұра" бағдарламасын дүниежүзілік қауымдастыққа таныстырмақшы

Қазақстан 2004-2006-жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын дүниежүзілік қауымдастыққа таныстыруды межелеп отыр. Бұл туралы бүгін, 20-мамырда "Қазақстан Республикасында мәдениетті дамыту және сақтап қалуды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету" тақырыбындағы парламенттік тыңдауда ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрі Есетжан Қосубаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Мамыр 2005
  • 682
Фото - Caravan.kz

«Қазір бұл бағдарламаны ЮНЕСКО -ның жобалары аясында дүниежүзілік қауымдастыққа таныстыру мәселесі шешілу үстінде»,- деді Е.Қосубаев. Ол осы орайда «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы «бұрынғы Кеңестік кеңістікте баламасы жоқ бірегей бағдарлама» екенін ерекше атап өтті.