Мәскеуде қазақтың ұлы ойшылы Абайға ескерткіш ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде қазақтың ұлы ойшылы Абайға ескерткіш ашылады

Мәскеуде қазақтың ұлы ойшылы Абайға ескерткіш ашылады

Мәскеуде қазақтың ұлы ойшылы Абайға ескерткіш ашылады. Ескерткіш орнатуға қатысты мәселе Мәскеу қалалық сәулет комитетіндегі арнайы жиында талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Мамыр 2005
  • 1012
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жиынға Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Қырымбек Көшербаев, Мәскеу қалалық сәулет комитетінің төрағасы Александр Кузьмин мен басқа да бірқатар мүдделі муниципалдық мекемелердің өкілдері қатысты.

Қ.Көшербаев ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі ескерткіштің таңдаулы жобасына байқау жариялағанын хабарлады.
Ескерткішті орнататын орын мен мерзімі айқындалып, ескерткіш жобасы бекітілгеннен кейін қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнату туралы Мәскеу үкіметінің қаулысы шығуға тиіс. Ескерткіш биылғы күзде орнатылады деп күтілуде.
Мәскеуде Абайға ескерткіш орнату туралы идея Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы қаңтар айында Ресейге ресми сапары кезінде Ресейде тұратын қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесуінде дүниеге келген.
Мәскеудегі Абай ескерткіші Қазақстан және Ресей халықтарының рухани жақындығы мен мәдени тұтастығының бір маңызды нышанына айналуға тиіс.