«Қазақстан журналистерінің конгрессі кейінгі кездері жиілеп кеткен осындай келеңсіз тәжірибемен тайсалмай күресетін болады. Мейлі бастама қай жақтан болмасын, бітімсіз күрес басталады»,- деді Д.Назарбаева. «Баспасөзді сіздікі, біздікі деп жікке бөлуді доғаратын мерзім жетті. Журналистердің жұмысын бағалаудың бір ғана өлшемі бар, ол — кәсіби шеберлік және жауапкершілік»,- деп мәлімдеді «Асар» партиясының төрайымы.