Ресей Қиғаш өзені арқылы уақытша тауар тасымалын іске қосуды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Қиғаш өзені арқылы уақытша тауар тасымалын іске қосуды ұсынады

Ресей Қиғаш өзені арқылы уақытша тауар тасымалын іске қосуды ұсынады

Ресей Қиғаш өзені арқылы уақытша тауар тасымалын іске қосуды ұсынады. Бұл туралы бүгін, 8-маусымда Астанада Астрахань облысы өкілдерінің ҚР индустрия және сауда министрлігінің басшылығымен және Қазақстандық іскертоп өкілдерімен кездесуде Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкин құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Маусым 2005
  • 1175
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде Атырау және Астрахань облыстары арқылы өтетін Шығыс-Батыс транзиттік дәлізін дамытуға кедергі келтіріп отырған бір фактор — Қиғаш өзені арқылы тұрақты өткелдің жоқтығы болмақ»,- деді А.Жилкин. Оның айтуынша қазір жүк тасымалы 80 тонналық паромның көмегімен жүзеге асырылуда. «Ол бір бағытта 1-2 жүк көлігін ғана тасымалдай алады. Транспорттық дәліздің инфрақұрылымы осындай мүшкіл болған жағдайда Еуропа, Үндістан және Иран тауарларын дәліз арқылы тасымалдау туралы сөз қозғау қиын»,- деді губернатор.

Оның айтуынша, «қазір Қазақстан мен Ресей арасында көпір салу жөнінде бірлескен кәсіпорын құрып, қаржыландыра бастауға заңгерлік сипаттағы кейбір проблемалар қолбайлау болуда». «Н.Назарбаев пен В.Путиннің Челябинск қаласындағы кездесуі кезінде көпірді Ресейдің қаржысы есебінен 1,5 жылда салып, Қазақстан жағы шығынның 50 процентін кейінірек төлеу туралы ұсыныс екі президенттің қолдауына ие болған»,- деді А.Жилкин.
Алайда, осы жолы Ресей жағы Астанаға басқа ұсыныспен келіп отыр.»Біз понтонды көпірді бір айдақалпына келтіре аламыз. Ол көпір құрылысының салынып бітуін күтпей-ақ Қиғаш арқылы автокөліктерді үздіксіз тасымалдауға мүмкіндік береді»,- деді облыс губернаторы.