Мәжіліс депутаты спиртті өнімдер өндіретін кәсіпорындарды тексеруді сұрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты спиртті өнімдер өндіретін кәсіпорындарды тексеруді сұрайды

Мәжіліс депутаты спиртті өнімдер өндіретін кәсіпорындарды тексеруді сұрайды

Мәжіліс депутаты Марал Итеғұлов ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігінің төрағасынан спиртті өнімдер өндіретін кәсіпорындар мен Қаржы министрлігінің акциздік әкімшілік басқармасының жұмысын тексеруді сұрайды. Агенттік төрағасы Сарыбай Қалмырзаевтың атына жолданған депутаттық сауалды депутат бүгін, 8-маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында оқып берді.

  • 8 Маусым 2005
  • 561
Фото - Caravan.kz

М.Итеғұловтың пікірінше, соңғы 5 жылда Қазақстанда спиртті өнімдердің саудасынан түсетін түсім мөлшерінің тұрақты кему ағымы байқалады. Депутат ортаға салған мәліметке сәйкес, егер 2000-жылы бюджетке құйылған осындай түсім мөлшері 7,5 млрд. теңге болса, 2004-жылы 5,4 млрд. теңгені құрады. Демек, бұл — 29 процентке кем. «Осы мерзімде спиртті өнімдердің мөлшері 21 процентке артқанын» алға тартқан депутат «түсім мөлшері бірнеше есе азайтып көрсетілген» деген сенімде.

«Бұл сала көлеңкелі экономиканың басты құрамды бөліктерінің бірі болып табылады»,- деді депутат. Сонымен қатар ол «аталмыш салада тәртіп орнатуға талпыныс жасаймын деп қызметінен қуылған әкімдер туралы ақпараттардан хабардар екенін» білдірді. «Бұл — мәселенің күрделілігін меңзейді»,- деді ол.