Қазақстан президенті Қырғыз ақынына жолдау жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Қырғыз ақынына жолдау жіберді

Қазақстан президенті Қырғыз ақынына жолдау жіберді

Бүгін, 16-маусымда Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Өмірзақ Өзбеков қырғыз ақыны Сооронбай Жүсіповты құттықтаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын табыс етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бішкектен.

  • 16 Маусым 2005
  • 518
Фото - Caravan.kz

Жолдауды табыс ету рәсімі Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінде өтті. Елшінің айтуынша, С.Жүсіпов Қырғызстанда қазақ ақындарының өлеңдері жинағын басып шығарғаны үшін мәртебелі сыйлыққа ие болып отыр. Кітапқа қазақстандық 46 автордың қырғыз тіліне тәржімаланған туындылары енгізілген.

Елшіліктегілердің айтуынша, Қазақстан президентінің осындай жолдауы аса құрметті мәдениет, өнер және ғылым қайраткерлеріне ғана табыс етіледі.