Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бөлім бастығы Сәуле Рүстемованың айтуынша, байқауға Қазақстанынң 8 облысы, Астана және Алматы қалаларынан қатысушылар келді. Байқауға ұзын саны 40-тай адам қатысуда. Оңтүстік Қазақстан облысының намысын байқауда 20 термеші қорғайды.
Байқаудың сыйлық қорын жергілікті билік пен демеушілер бірлесе құрды. Байқау жеңімпазы автокөлікке ие болады. Сый-сияпаттан басқа қатысушылар да құр қалмайды. Марапаттау шарасы бүгін кешке өтеді.