Қазақстан мен Ресей Екібастұздағы екінші ГРЭС-тің негізінде бірлескен кәсіпорын құру туралы хаттамаға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.73
  • 546.57
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресей Екібастұздағы екінші ГРЭС-тің негізінде бірлескен кәсіпорын құру туралы хаттамаға қол қойды

Қазақстан мен Ресей Екібастұздағы екінші ГРЭС-тің негізінде бірлескен кәсіпорын құру туралы хаттамаға қол қойды

Бүгін, 6-шілдеде Астанада ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен РАО "ЕЭС России" арасында "Қазақстанэнерго" Ұлттық энергетикалық желілері" РМК-ның берешегін өтеу шараларының аясында "Екібастұздағы екінші ГРЭС" АҚ-ның негізінде бірлескен кәсіпорын құру туралы хаттамаға қол қойылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Шiлде 2005
  • 452
Фото - Caravan.kz

Қазақстан жағынан хаттамаға ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник, Ресей жағынан РАО ЕЭС басқармаларының мүшесі Андрей Раппопорт қол қойды. Бірлескен кәсіпорын паритетті негізде құрылды.

В.Школьниктің айтуынша, «2-ші ГРЭС негізінде бірлескен кәсіпорын құру біртұтас энергетика рыногын қалыптастыру жұмыстарына бастама болмақ». «Біз 1-қыркүйекке дейін жұмыс топтарын құрып, 1-желтоқсанға дейін екі елдің мемлекет басшыларына Қазақстан мен Ресейде жұмыс істейтін біртұтас электр рыногын құруға қатысты өз ұсыныстарымызды таныстырамыз»,- деді министр.
«Қазақстандағы қуат өндіруші кәсіпорындар соның арқасында бәсекелі негізде Ресей рыногына шығуға мүмкіндік алады. Біріншіден, еліміздің энергетика жүйесі сенімді жұмыс істейтін болумен бірге екінші жағынан еліміздің солтүстігінде өндірілетін басы артық энергияны батысқа беруге жол ашылады»,- деді ол.
Сонымен бірге бұл құжатқа қол қою нәтижесінде Қазақстан «Қазақстанэнерго» Ұлттық энергетикалық желілері» РМК-ның РАО «ЕЭС России» алдындағы 230 млн. доллар көлеміндегі берешегін реттеуге мүмкіндік алады. Хаттамаға сәйкес, тиісті шаруашылық субьектілері мен мүдделі ұйымдарға аталмыш берешекті реттеу жөніндегі ұсыныстарды үш айдың ішінде ортаға салу ұсынылған.