Баспасөз қызметінің нақтылауынша, 10-мамыр мен 6-шілде аралығында тәуелсіз бақылаушылар ретінде аккредитация алуға 1236 адам өтініш берген. Олардың арасында ТМД, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы сынды ұйымдар мен Малайзия, Чехия, АҚШ, Жапония, ҚХР, Румыния, Түркия, Польша, Грузия сынды елдердің дипломатиялық миссияларынан 967 халықаралық сарапшы тіркелді. Басқа да халықаралық бақылаушылармен бірге Қырғызстандағы президент сайлауының барысын Қазақстанның «Асар» саяси партиясының өкілдері де қадағалайды.
Сонымен бірге Қырғызстандағы мерзімінен бұрын өткізілетін президент сайлауына Австралия, Әзербайжан, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Дания, Үндістан, Испания, Италия, Қазақстан, ҚХР, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Ресей, АҚШ, Сингапур, Түркия, Украина және Жапония елдерінің 101 басылымының атынан 269 шетелдік журналистер бақылаушылық жасайды.
Бұдан бұры да хабарлағанымыздай, Қырғызстандағы президент сайлауы 10-шілдеде өтеді. Мемлекет абсшысы лауазымынан 6 адам үміткер. Олардың арасында алғаш рет әйел адам ат ұсынды. Ол — Қырғызстанның үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдары қауымдастығының жетекшісі Тоқтайым Үмітәлиева.