ҚР Ұлттық банкінің құндылықтарды сақтау ортылығы ТМД елдерінен бірінші болып ISO 9001:2000 сапа сертификатына ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық банкінің құндылықтарды сақтау ортылығы ТМД елдерінен бірінші болып ISO 9001:2000 сапа сертификатына ие болды

ҚР Ұлттық банкінің құндылықтарды сақтау ортылығы ТМД елдерінен бірінші болып ISO 9001:2000 сапа сертификатына ие болды

ҚР Ұлттық банкінің кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау ортылығы Қазақстан банк жүйесінің тарихында алғаш рет және ТМД елдерінен бірінші болып банк қызметтерінің сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2000 халықаралық сапа стандарттарына сәйкестілік туралы сертификатқа ие болды. Бұл туралы бүгін, 7-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында TUV CERT сертификаттау органының басшысы Удо Пауль Кубитц мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Шiлде 2005
  • 694
Фото - Caravan.kz

ҚР Ұлттық банкінің кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау ортылығының директоры Жомарт Қажымұратовтың айтуынша, бұл сертификат орталық тарапынан көрсетілетін қызметтер сапасының жоғарылығын паш етіп қана қоймай, халықаралық деңгейде Қазақстанның беделін көтеруге қызмет етеді.

У.Кубитцтің айтуынша, өндірістер мен қызмет түрлерін сертификаттау туралы бастаманы порзидент пен үкімет көтерген және бұл мемлекеттің халықаралық экономикаға жоғары деңгейде интеграциялануға деген талпынысты айғақтайды. «Бұл құлшыныс Қазақстанның абыройын еселей түседі»,- деді ол.
ҚР Ұлттық банкінің кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау ортылығы
ҚР Ұлттық банкінің Мемлекеттік қазына қоймасының заңды мұрагері болумен бірге Елбасының Жарлығымен 1991-жылдың тамыз айында құрылған. 5 алтын және 2 күміс стандартты құймалардан тұратын алғашқы құнды металдар партиясы алғаш рет 1992-жылдың 7-қаңтарында сақтауға алынды. Қазір орталықта Қазақстанның жалпы алтын қорының тең жартысы (20 тонна), 1,3 тонна күміс, 60 келі платина мен еліміздің алтын-валюта қорының 317 млрд. қолма қол ақшасы сақтаулы тұр.
Бүгінде орталық мемлекеттің алтын-валюта қорын сақтау және оған қызмет көрсету жөніндегі басты міндетімен бірге қолма-қол ақша айналымы, құнды металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды сақтау және өңдеу саласындағы кең көлемді қызмет түрлерін көрсетеді. Орталықта ISO 9001:2000 халықаралық сапа стандарттарына сәйкестілік туралы сертификатқа ие болған әрі UNCTAD/WTO халықаралық сауда орталығының «Қазақстандағы сауда-саттықты ілгерілету» жобасының қатысушысы болып табылатын бірегей химиялық-талдаушы сараптамалық зертхана жұмыс істейді.

Перейти к новостям спорта