Астанада Қазақстанның бірінші президентінің мұражайы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстанның бірінші президентінің мұражайы ашылды

Астанада Қазақстанның бірінші президентінің мұражайы ашылды

Бүгін, 7-шілдеде Астанада Қазақстан Республикасының бірінші президентінің мұражайының тұсаукесері өткізілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Шiлде 2005
  • 1617
Фото - Caravan.kz

Мұражай директоры Алма Сағынғалидың айтуынша, «осындай мұражай құру туралы бастаманы Елбасы көтерген». Мұндай мұражайлар дүниежүзінің көптеген елдерінде бар, деді ол.

Мұражай Астананың орталық алаңындағы мемлекет басшысының бұрынғы резиденциясында орналасқан. Мұражай тақырыптық 15 залдан тұрады, онда тәуелсіз Қазақстанның тарихы толыққанды көрініс тапқан. Мұражай экспозицияларының арасында Қазақ КСР-ын тәуелсіз мемлекет деп тану туралы қаулы, республика Ата заңы, байрағы, елтаңбасы, Қазақстанның әнұраны, президент антының мәтіні, тіпті мемлекет басшысы алғашқы құжаттарға қол қойған қаламдарына дейін қойылған. Мұражай залдарында мемлекет басшысының алған сыйлықтары мен шетелдік өкілдердің сый-сияпаттары, президенттің жеке заттары қойылған.
Н.Назарбаев әулетінің тарихы дербес көрініс тапқан. Экспонаттардың басым бөлігі президенттің жеке өмірінен сыр шертеді. Мәселен онда Н.Назарбаев туған Шамалған ауылындағы мектеп пен ол тұрған үйдің макеттері қойылған. Президенттің ата-анасының фотосуреттері, оның балалық шағындағы және мектептегі суреттері, ауыл мектебінің қарапайым оқушысы Нұрсұлтан Назарбаевтың оқу үлгерімі туралы табель де мұражайдан орын алған.
Қазақстан президентінің жұмыс бөлмесі өзгеріссіз күйінде сақталған. Үстел үстінде президент пайдаланған қойын дәптерлер мен президенттің жазбалары жатыр.
Қазір мұражай ұжымдық өтініштерге сәйкес жұмыс істеуде. Алдағы уақытта бірінші президенттің мұражайы еліміздегі жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарының біріне айналады деп күтілуде.