Үкіметтік емес ұйымдар Елбасынан коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты парламентте қабылданған заңдарға вето қоюды өтінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметтік емес ұйымдар Елбасынан коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты парламентте қабылданған заңдарға вето қоюды өтінеді

Үкіметтік емес ұйымдар Елбасынан коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты парламентте қабылданған заңдарға вето қоюды өтінеді

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметіне бақылауды күшейтетін заңдарға вето қоюды өтініп мәлімдеме әзірледі. Бұл туралы бүгін, 7-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық Қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтис құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Шiлде 2005
  • 612
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, маусым айының аяғында парламент «ҚР кейбір заңнамаларына Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заң мен парламент депутатарының бастамасымен жасалған «Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін халықаралық және коммерциялық емес ұйым филиалдары мен өкілдіктерінің іс-қызметі туралы» және «Коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жөніндегі заңдарды қабылдап, Елбасының қол қоюына берген.

Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің пікірінше, бұл құжаттар еліміздің халықаралық міндеттемелері мен Конституцияның басты принциптеріне қайшы келеді. Бұл заңдарды қабылдау еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың бір бөлігінің жұмысын доғаруына алып келеді, делінген құжатта.
Үкіметтік емес ұйым өкілдері мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ықпалдастыққа қатысты өзекті мәселелер бойынша ел басшылығын ашық диалогқа шақырады. Үкіметтік емес ұйымдар еліміздің тұрақты әрі қарқынды дамуына түрткі болу арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды мемлекетпен бірлесе шешуге әзірлік танытады, делінген хатта.

Перейти к новостям спорта