Семейде боран салдарынан 11 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде боран салдарынан 11 адам зардап шекті

Семейде боран салдарынан 11 адам зардап шекті

Семейде боран салдарынан 11 адам зардап шекті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық жедел жәрдем станциясынан хабарлады.

  • 11 Шiлде 2005
  • 397
Фото - Caravan.kz

9-шілде күні 19 сағат 30 минутта Семейде күшті дауыл соға бастаған. Желдің қуатынан ағаштар түп-тамырымен жерден қопарылып, үйлердің шатырлары жұлынып, тоқ сымдары үзілген.

Күшті боран мен шаңды құйын жарты сағатқа созылды. Осы мерзімде 11 адам жедел жәрдемнің көмегіне жүгінді. 7 адам ауруханаға жеткізіліп, 3 адам жарақат бөлімініе жатқызылып, бір әйел қатты қорқыныштан талып қалған.
Қалғандарының үстінен ағаш құлаған. Алғашқы шақыру жедел жәрдем станциясына 19 сағат 37 минута келіп жетті. 67 жастағы әйелдің үстіне ағаш құлаған. Соның салдарынан әйел басынан жарақат алып, денесінің көп жері зақымданған. Зардап шеккендердің арасында 7- сынып оқушысы да бар. Үстіне ағаш құлап, қолын сындырып алған бала ауруханаға жеткізілді.

Перейти к новостям спорта