Жыл басынан бері тәртіп сақшылары заңсыз есірткі айналымына қатысты 275 қылмыстың бетін ашты. Ал былтырғы осы мерзімде бұл көрсеткіш 311 болған. Мәселен, есірткі саудасына қатысты 100 деректің (2004-жылы 90) беті ашылып, есірткі сатумен тұрақты шұғылданатын 22 нүкте мен 5 притон әшкереленді. Ал былтыр 23 осындай нүкте мен 3 притон табылған. Есірткі заттарын контрабандалық жолмен тасымалдауға қатысты 10 деректің (2004- жылы 9) беті ашылды.
Есірткіге қатысты қылмыстары үшін 241 азамат, соның ішінде 7 шетел азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.