Республика аймақтарында өрт қаупі сақталуда - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика аймақтарында өрт қаупі сақталуда - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі

Республика аймақтарында өрт қаупі сақталуда - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі

Алдағы тәуліктерде республика аймақтарында жоғарғы өрт қаупі сақталады. "Қазгидромет" РМК -ның осы жөніндегі ескертуін бүгін, 11-шілдеде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің республикалық дағдарыс орталығы таратты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Шiлде 2005
  • 373
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, 11-12-шілдеде Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ, Қарағанды облысының кей жерлерінде, 11-13-шілдеде Жамбыл облысында, сондай-ақ, Алматы және Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Осыған байланысты аталмыш облыстардың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттеріне халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануға тапсырма берілді.
Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, тіршілік қамтамасыздығы нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту, байланыс және дабыл жүйесі құралдарының дайындығын тексеру жөнінде тапсырма берілді.

Перейти к новостям спорта