2005 жылғы қаңтар-маусымда құрылыстағы бағалар 3,2% көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005 жылғы қаңтар-маусымда құрылыстағы бағалар 3,2% көтерілді

2005 жылғы қаңтар-маусымда құрылыстағы бағалар 3,2% көтерілді

Құрылыс өндірісінде пайдаланылатын технологиялық жабдықтардың бағасы ең көп мөлшерде, дәлірек айтсақ, 5,6%-ке қымбаттады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының бағасы 2,1%, жобалау-іздестіру қызметі, эксплуатациялық және барлау мақсатындағы бұрғылауға қатысы бар өзге де жұмыстар мен шығындарға - 3% өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 11 Шiлде 2005
  • 496
Фото - Caravan.kz

Ағымдағы жылғы алты ай ішінде құрылыс ұйымдары сатып алатын материалдар, бөлшектер және конструкциялар 1,3%, портландцемент 6,9%, қиыршықтас, кесілмелі материалдар 3,6-4%, терезе шынысы, керамзиттік малтатас, тауарлы бетон, болат металл конструкциялар 2,6-2,8%, қыш кірпіштер, құрылыс ертінділері 2%-дан, кәдуілгі пішіндегі асбестцемент табақтар, олифа, линолеум 1,3-1,5% қымбаттады. Әк пен қыш раковиналардың бағасы 1,1-1,3% төмендеді.

Республикада құрылыс материалдарының аттас түрлеріне бағалардың өңіраралық айырмашылығы сақталуда. Мәселен, ағымдағы жылғы маусымда бағалардың алшақтығы құрылыс құмына 5,2 есе, қыш кірпішке 3 есе, портландцементке 2 есе, терезе шынысына 1,5 есе құраған.

Перейти к новостям спорта