Астанадағы темір жол бекетінде фосфор қышқылы төгіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы темір жол бекетінде фосфор қышқылы төгіліп қалды

Астанадағы темір жол бекетінде фосфор қышқылы төгіліп қалды

12-шілдеде Астанадағы темір жол бекетінде Сарыарқа маңында жүк составына жүргізілген тексеру кезінде цистернада 0,5 см-лік тесік түзілу салдарынан фосфор қышқылы төгілгені анықталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Шiлде 2005
  • 650
Фото - Caravan.kz

Министрліктегілердің түсініктемесіне сәйкес, жүкті Тараздағы «ПКФ-Фан» ЖШС жіберген, ал қабылдап алушы- Екатеринбург бекеті болмақ.

Оқыс оқиға салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Цистерна тізбектен бөлініп, жол тұйықталымына қойылып, күзетке алынды. Темір жолдағы апаттық құтқару бөлімшесінің күшімен төгілген қышқылды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Апат салдары бүгін жойылады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта