Жапонияның жер серігі сейсенбі күні «Крайний» әуежайына ұшақпен жеткізілді. Бүгін, 13-шілдеде INDEX ғарыштық аппараты ұшырылым алдындағы дайындық үшін №31 алаңдағы монтаждау-сынақ корпусына жеткізіледі.
Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, INDEX — Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын екінші Жапониялық жер серігі. Ол тамыз айының аяғында ұшырылуы тиіс.
«Днепр» зымыран тасығышының көмегімен 2005-жылдың маусым-қараша айларында Жапонияның OICETS және INDEX ғарыштық аппараттарын ұшыру туралы осы елдің JAXA аэроғарыштық зерттеулер агенттігі мен «Космотрас» Халықаралық ғарыштық корпорациясымен арадағы келісім-шартын Роскосмос 2005-жылдың сәуір айында мақұлдаған.
Қазір ғарыш айлағының мамандары ғарыш аппараттарын ұшыруға дайындық жұмыстарын жүргізуде.