Бұл заңдарды парламент 2005-жылдың 29-маусымында қабылдаған.
ҚР заңнамасына сәйкес, президенттің сауалы ашық отырыста бір айдың ішінде қаралады.
Бүгін, 13-шілдеде Конституциялық кеңес президенттің қол қоюына жолданған "Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін халықаралық және коммерциялық емес ұйым филиалдары мен өкілдіктерінің іс-қызметі туралы" және "Коммерциялық емес ұйымдардың іс-қызметіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу" жөніндегі заңдардың ҚР Ата заңына сәйкестігін дәйектеу туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сауалын қарауға қабылдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Конституциялық кеңестің баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұл заңдарды парламент 2005-жылдың 29-маусымында қабылдаған.
ҚР заңнамасына сәйкес, президенттің сауалы ашық отырыста бір айдың ішінде қаралады.