Магистральдық мұнай құбырларын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 111 млрд. теңге қажет - ҚазТрансОйл - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Магистральдық мұнай құбырларын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 111 млрд. теңге қажет - ҚазТрансОйл

Магистральдық мұнай құбырларын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 111 млрд. теңге қажет - ҚазТрансОйл

"Қазақстандағы мұнай құбырларын жұмыс бабында ұстап тұру үшін алдағы 5 жылда 111 млрд. теңге қажет". Бұл туралы бүгін, 13-шілдеде Астанада өткен баспасөз мәслихатында "ҚазТрансОйл" АҚ директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Серікбек Елшібеков мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Шiлде 2005
  • 420
Фото - Caravan.kz

«Бұл сан әлі де нақтылану үстінде, өйткені, мәліметтер ҚазМұнайГазбен келісілуге тиіс»,- деді ол.

ҚазТрансОйл еліміздегі құбыр жүйелерін Магистральдық мұнай құбырларын дамыту жөніндегі 2006-2010-жылдарға арналған бағдарлама аясында жаңаламақшы. С.Елшібековтың айтуынша, бағдарлама «кешенді реконструкция жүргізу, компанияға тиесілі өндірістік активтер аясын кеңейту және ауыстыру, жаңа экспорттық бағыттарды салуға байланысты инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды» көздейді.
Сонымен бірге «ҚазТрансОйл» директоры орынбасарының айтуынша, бұл бағдарламаны жүзеге асыру барысында компанияның 2020-жылға дейінгі даму перспективасын бағалап болжау межеленген.
С.Елшібековтың айтуынша, қосымша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін «ҚазТрансОйлға» тағы да 80 млрд. теңге қажет.

Перейти к новостям спорта