Алматыда өрт салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда өрт салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түсті

Алматыда өрт салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түсті

Алматыда өрт салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Шiлде 2005
  • 318
Фото - Caravan.kz

Министрлік мәліметіне сәйкес, Бәрібаев көшесіндегі бір жай үйде шыққан өрт көршілес Өзбекстан елшілігінің қосалқы ғимаратына қарай ден қойған. Жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өртті сөндіру жұмысына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі өрт сөндіру қызметінің 20 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндірген кезде үй ішінен 73 жастағы кейуананың мәйіті табылды. Тағы үш тұрғын күйік және көмірқышқыл газынан улану салдарынан ауруханаға жатқызылды.

Перейти к новостям спорта