Президент ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент  ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Президент ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заңға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Шiлде 2005
  • 473
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заңға сәйкес Азаматтық-процессуалдық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекс, Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерге, «БАҚ туралы» заңға, «Діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Шұғыл іздестіру іс-қызметі туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және басқа да заңдарға түзетулер енгізіледі.

Бұл заңның көмегімен азаматтарды экстремистік іс-әрекеттері, экстремистік немесе лаңкестік іс-қызметті қаржыландырғаны үшін жауапкершілікке тарту қарастырылған. Құжатта шетел азаматтарының Қазақстандағы саяси партияларды қаржыландырғаны және сайлауда саяси партиялар мен үміткерлердің ат ұсынуына және сайлануына түрткі болатын әрекеттері үшін жүктейтін жауапкершілігі реттеледі.
Заңға діни топтарды міндетті түрде тіркеу туралы ереже мен шетелдік дін таратушылардың іс-қызметін реттеуге қатысты түзетулер енгізілген.
Сонымен бірге заңда мемлекеттік тілдегі хабарларды тәулік бойына біркелкі тарату тәртібі қарастырылған. Сонымен бірге заңда қазақстандық БАҚ-тардың редакцияларын шетел азаматтарының басқаруына тыйым салынған.

Перейти к новостям спорта