ҚР ІІМ АҚШ-тың көмегімен адам саудасымен күрес мақсатында полиция қызметкерлерін оқытатын аймақтық орталық құруды көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ АҚШ-тың көмегімен адам саудасымен күрес мақсатында полиция қызметкерлерін оқытатын аймақтық орталық құруды көздеп отыр

ҚР ІІМ АҚШ-тың көмегімен адам саудасымен күрес мақсатында полиция қызметкерлерін оқытатын аймақтық орталық құруды көздеп отыр

ҚР ІІМ Қарағанды заңгерлік институтының негізінде полиция қызметкерлерін адам саудасымен және заңсыз көші-қонмен күреске баулитын халықаралық аймақтық оқыту орталығын құруды көздеп отыр. Осындай орталық құру туралы идеяны ҚР ІІМ-нің орынбасары Алик Шпекбаев АҚШ елшісі Джон Ордвей мен Халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының жетекшісі Майкл Чанцпен кездесу кезінде ортаға салды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Шiлде 2005
  • 460
Фото - Caravan.kz

Орталық құру мақсаты — Орталық Азия елдерінің полиция қызметкерлерін адам саудасымен және заңсыз көші-қонмен күрес бойынша кәсіби шеберлікке баулу және білім деңгейін көтеру болып табылады. Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тәртіп сақшыларын оқыту үшін шетелдік мамандар шақырылатын болады.

Қазақстандағы АҚШ елшісі мен Халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының жетекшісі орталық құру туралы бастаманы құптады. «Жобаны жүзеге асыруға атсалысатын АҚШ-тың тиісті құрылымдары бұл мәселені таяу уақыттарда қарайды»,- делінген хабарламада.

Перейти к новостям спорта