Қазақстан мен Қытай минералдық тыңайтқыштар өндіретін бірлескен кәсіпорын құрмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай минералдық тыңайтқыштар өндіретін бірлескен кәсіпорын құрмақшы

Қазақстан мен Қытай минералдық тыңайтқыштар өндіретін бірлескен кәсіпорын құрмақшы

Бүгін, 14-шілдеде Астанада Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің кеңейтілген құрамдағы екінші мәжілісінің қорытындысы бойынша "Қазфосфат" ЖШС мен ҚХР Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы "Нункен" агрохимиялық компаниялары арасында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі ниет хаттамасына қол қойылды, - деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Шiлде 2005
  • 457
Фото - Caravan.kz

Хаттамаға тиісті кәсіпорындардың басшылары қол қойды.

Отырыстан кейін «Қазфосфат» ЖШС-нің бас директоры Мұқаш Ескендіровтың журналистерге хабарлауынша, минералдық тыңайтқыштар өндіретін бірлескен кәсіпорын құру Қазақстан жағы үшін өте тиімді болмақ. Жобаға еліміз 51 проценттік үлеспен қатысады. Оның айтуынша, мұндай кәсіпорын құру нәтижесінде қосымша жұмыс орындары пайда болмақ.
Өз кезегінде «Нункен» агрохимиялық компаниясы Лью Го Лидің айтуынша, «Қазақстанда өндірілетін фосфаттың жоғары сапалылығы мен тасымалдау тиімділігі және өзара тиімді тасымал бағалары жобаны табысты жүзеге асыруға алғышарт болып табылады».

Перейти к новостям спорта