Үкімет басшысы министрліктер мен мекемелерге Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма кластерін құруға қатысты тапсырмалар берді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
0 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет басшысы министрліктер мен мекемелерге Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма кластерін құруға қатысты тапсырмалар берді

Үкімет басшысы министрліктер мен мекемелерге Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма кластерін құруға қатысты тапсырмалар берді

Бүгін, 14-шілдеде үкіметте өткен кеңесте республика үкімет басшысы Даниал Ахметов министрліктер мен мекемелерге Оңтүстік Қазақстан облысында тоқыма кластерін құруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Шiлде 2005
  • 694
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, жобаның жүзеге асырылу барысына қатысты ақпаратты тыңдаған үкімет басшысы ҚР ауылшаруашылығы министрлігі, экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі мен Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарты корпорациясына биылғы жылдың қараша айына дейін мақтаның сортын анықтау және сапасына қарай жіктеу үшін зерттеулер жүргізуге арналған 4 сынақ зертханасын сатып алып орнатуға тапсырма берді. Сонымен бірге үкімет басшысының айтуынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында мақта тазарту зауыты іске қосылуға тиіс.

Тоқыма кластерін дамытуға қатысты тағы бір маңызды проблема — Оңтүстік Қазақстан облысынан мақта талшықтарын жөнелтуге арналған транспорттық — логистикалық жүйені дамыту болмақ. Осыған байланысты Д.Ахметов ҚР көлік және коммуникация министрлігіне Шымкент бекетінде транспорттық — логистикалық орталық пен мақта терминалын құруды қамтитын модель жасап шығаруды жүктеді. Оның айтуынша, транспорттық — логистикалық орталық құрамында қазіргі заманғы техгникамен жарақталған әкімшілік ғимарат, бір үлгілі қоймалар блогы, өнімнің сортын анықтауға және тестілеуге арналған құрал-жабдықтар, кедендік және санитарлық бақылау бөлімшелері, контейнерлерге арналған жабық алаңдар мен басқа да қажетті жабдықтар болуға тиіс.
Саланың болашағы туралы мәселеге тоқталған үкімет басшысы бұл іске тоқыма өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін танымал халықаралық компанияларды тарту қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, бұл отандық өнім өндірушілердің әлемдік нарықта артықша бәсекелестік қабілетке ие болдыруға септігін тигізеді.
Сонымен бірге үкімет басшысы ҚР ауылшаруашылығы министрлігі жобасын жасаған «Мақта туралы» заң жобасын мақта рыногына қатысушылар арасында кеңінен талқылау арқылы олардың іс-қызметін шектейтін нормаларды анықтауға тапсырма берді. Д.Ахметовтың пікірінше, бұл шара заң жобасын жасаушылар, өнім өндірушілер мен оны өңдеушілер арасындағы бірқатар проблемаларлы шешуге септігін тигізеді.
Кеңес жұмысын қорытқан үкімет басшысы отандық тоқыма өнеркәсібін аяғынан тік тұрғызу ауылшаруашылығы мен экономиканың басқа да салаларындағы онымен жанама өндірістерді дамытуға түрткі болатынын атап өтті.

Перейти к новостям спорта