Астанада шиеленістерді шешу жөніндегі республикалық орталық іске кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
0 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада шиеленістерді шешу жөніндегі республикалық орталық іске кірісті

Астанада шиеленістерді шешу жөніндегі республикалық орталық іске кірісті

Биылғы жылдың қыркүйек айында өтетін екінші азаматтық форумға дайындық шараларының аясында Астанада шиеленістерді шешу жөніндегі республикалық орталық іске кірісті. Бұл туралы бүгін, 14-шілдеде Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары конфедерациясының президенті Валентина Сиврюкова мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Шiлде 2005
  • 595
Фото - Caravan.kz

«Орталықтың мақсаты — түрлі шиеленісті ахуалдарды сотсыз шешу, оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру, түрлі тренингтер мен семинарлар өткізу, маманды медиаторларды дайындау, азаматтар мен ұйымдарға ақыл-кеңестер беріп бағдар сілтеу болып табылады»,- деді В.Сиврюкова.

«Дауды соттарда шешу — бір жақ міндетті түрде жеңіліс табатын шығынды әрі әсіре ұзаққа созылатын процедура. Ал біз түрлі шиеленістер мен дау-дамайларды шешудің медиаторлық деп аталатын мүлдем жаңа жолын ұсынамыз. Бұл тәсіл тараптарға көзқарас қайшылығын екі жақты бірдей қанағаттандыратын жолмен реттеуге мүмкіндік береді»,- деді Қазақстан еңбеккерлері конфедерациясының президенті, мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов.
В.Сиврюкованың хабарлауынша, қазіргі жағдаймен орталық заңды тұлғалар арасындағы бір, отбасындағы бір дау-дамайды және жұмыс беруші мен жалдамалы қызметкерлер арасындағы бір дау-дамайды реттеуге қол жеткізді. «Біз үшін бұлар тәжірибелік іс-қызмет бойынша алғашқы қадамдар болды» ,- деді В.Сиврюкова.
Қазіргі жағдаймен орталықта 15 маманды медиатор жұмыс істейді. Олар Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде оқып қайтқан. 15 адамның жетеуі халықаралық медиатор деген квалификация алды. «Әзірге орталық тегін қызмет көрсетуде. Бірақ болашақта біз ақылы қызмет көрсететін боламыз»,- деді В.Сиврюкова.
Дау-дамайларды медиация тәсілін пайдаланып сотсыз шешу тәжірибесі Ресей, АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады.

Перейти к новостям спорта