Қазақстандық және Қытайлық кәсіпкерлер бірқатар келісім-шартқа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
0 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық және Қытайлық кәсіпкерлер бірқатар келісім-шартқа қол қойды

Қазақстандық және Қытайлық кәсіпкерлер бірқатар келісім-шартқа қол қойды

Бүгін, 15-шілдеде Астанада өтіп жатқан бизнес-форум аясында Қазақстандық және Қытайлық кәсіпкерлер бірқатар келісім-шартқа қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Шiлде 2005
  • 413
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастығы мен «Алашанькоу XINK» компаниясы ниет меморандумына қол қойса, Алматыдағы «Теда» ЖШС мен ҚХР Шыңжан -Ұйғыр автономиялық аймағының Шихэцзэ қалалық целлюлоза-қағаз комбинаты бірлескен өндіріс құру туралы келісімге, «Тянь-Шань» халықаралық құрылыс компаниясы мен «Джушень» (Дален) компаниялары өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Алдын-ала бағаға сәйкес, қол қойылған келісім-шарттарының құны 300 млн. доллардан асады, деп мәлімдеді ҚР индустрия және сауда министрінің орынбасары Болат Смағұлов. Оның айтуынша, «бизнес-форум барысында бұдан басқа да бірнеше құжаттарға қол қойылуы мүмкін».

Перейти к новостям спорта