Павлодарда Халық банкінің жергілікті филиалына қарулы шабуылға қатысушылардың үстінен сот мәжілісі өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
0 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда Халық банкінің жергілікті филиалына қарулы шабуылға қатысушылардың үстінен сот мәжілісі өткізілуде

Павлодарда Халық банкінің жергілікті филиалына қарулы шабуылға қатысушылардың үстінен сот мәжілісі өткізілуде

Павлодарда Халық банкінің жергілікті филиалына қарулы шабуылға қатысушы қылмыскерлердің үстінен сот мәжілісі өткізілуде. Шабуыл салдарынан банк қызметкері қаза тауып, банктен 1 млн. 700 мың теңге тоналған болатын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облыстық сотының өкілдері хабарлады.

  • 15 Шiлде 2005
  • 407
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың 14-қаңтарында бетперде киіп қаруланған үш адам Халық банкінің Павлодардағы Кутузов көшесіндегі филиалының ғимаратына басып кірген. Шабуыл салдарынан есеп-касса бөлімінің 24 жастағы бастығы қаза тапты. Кассадан 1,7 млн. теңге тоналды. 23-қаңтарда қылмысқа қатысы бар күдіктілер ретінде 25, 35 және 41 жастағы үш еркек ұсталды. Тәртіп сақшылары олардан қару-жарақ тәркіледі.

Қазір оларға ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша, атап айтсақ, кісі өлтіру және кісі өлтіруге әрекет жасау жөніндегі 96-шы, қарулы қылмыстық топ құру және оған қатысу, қарақшылық жөніндегі 237-ші, қарақшылық шабуыл жөніндегі 179-шы, заңсыз қару-жарақ сатып алып сақтау жөніндегі 251-бабы бойынша айып тағылуда.
Павлодар облыстық сотындағылардың нақтылауынша, бұлар тек бір қарақшылық шабуыл үшін ғана емес, сонымен бірге 2003-жылдан бері Павлодардағы ақша айырбастау бөлімшелеріне жасалған үш бірдей шабуыл үшін айыпталады. Аталмыш шабуылдар салдарынан қылмыскерлер ірі көлемдегі ақшаны қолды болдырып, бірнеше адамды жаралаған. Сонымен бірге 35 жастағы қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 1996-жылы жасалған кісі өлтіру әрекетіне қатысы бар болып шықты.
Сонымен бірге Халық банкінің филиалына шабуыл жасалған сәтте қылмыскерлерді тосып тұрған такси жүргізушісі де сотқа тартылған. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің қылмысты жасыру жөніндегі 363-бабы бойынша айып тағылды.

Перейти к новостям спорта