2005-жылдың алғашқы жартысында республикалық бюджетке 150 млрд. теңгенің кедендік төлемдері аударылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың  алғашқы жартысында республикалық бюджетке 150 млрд. теңгенің кедендік төлемдері аударылды

2005-жылдың алғашқы жартысында республикалық бюджетке 150 млрд. теңгенің кедендік төлемдері аударылды

2005-жылдың алғашқы жартысында кеден мекемелері республикалық бюджетке 147,9 млрд. теңгенің кедендік төлемдері мен салықтарын аударды. Бұл туралы кедендік бақылау комитетінің бүгін, 15-шілдеде өткен алқа мәжілісінде комитет төрағасы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Шiлде 2005
  • 337
Фото - Caravan.kz

Б.Сапарбаевтың айтуынша, 2005-жылдың алғашқы жартысында 2 млрд. теңгенің тауарларын контрабандалық жолмен енгізуге жасалған әрекеттерге тосқауыл қойылды. 428 қылмыстық, 8880 әкімшілік іс қозғалып, соған сәйкес 2,3 млрд. теңге мемлекеттік кіріс есебінде өндіріп алынды.

«2005-жылдың алғашқы жартысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 112 дерек, соның ішінде 61,6 кг героин, 44,5 кг апиын әшкереленді»,- деді Б.Сапарбаев. » Еліміз арқылы өтіп кеткен контрабандық тауар Ресей аумағында әшкереленіп жататындықтан, жұмыс сапасын әлі де жақсарта түсу қажет»,- деді ол.
Комитет төрағасы сонымен бірге 2005-жылдың алғашқы жартысында жиналмай қалған кедендік төлемдер мен салық көлемі 3 млрд. теңгені құрағанын хабарлады.

Перейти к новостям спорта