Қытай мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасында елімізге әкелінетін импорт көлемін қадағалайтын мобильді кедендік топ құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасында елімізге әкелінетін импорт көлемін қадағалайтын мобильді кедендік топ құрылды

Қытай мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасында елімізге әкелінетін импорт көлемін қадағалайтын мобильді кедендік топ құрылды

Қытай мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасында және Қырғызстан бағытында елімізге әкелінетін импорт көлемін қадағалайтын мобильді кедендік топтар құрылды. Бұл туралы кедендік бақылау комитетінің бүгін, 15-шілдеде өткен алқа мәжілісінде комитет төрағасы Бердібек Сапарбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Шiлде 2005
  • 511
Фото - Caravan.kz

«Мобильді топ құрудың өзіндік себептері бар. Өйткені Қытаймен шекарада проблемалар жиі туындайды»,- деді Б.Сапарбаев. ҚХР мен Қазақстанның кедендік статистика мәліметтері үнемі кереғар болып шығады, деді Б.Сапарбаев. «Қазақстанға әкелінетін импорт көлемі ҚХР жағында тіркелген экспорттық мәліметтерден 8 есе артық болып шығады»,- деді ол. 2005-жылдың алғашқы жартысында Қытайдан әкелінетін тауарлар көлемі 46 процентке өсті. Сонымен бірге Б.Сапарбаевтың айтуынша, Қытайдан әкелінетін тауарларды рәсімдеу мерзімі жиі кейіндетіледі. «Ал ондай мүмкіндік өте сирек берілуге тиіс»,- деді комитет төрағасы.

Кедендік бақылау комитетінің мәліметі бойынша, былтыр ҚХР мен Қазақстанның кедендік статистика мәліметтерінің арасындағы айырмашылық 1,7 млрд. теңгені құраған. Ал 2005-жылдың алғашқы жартысында бұл көрсеткіш 435 млн. долларды құрады. Статистикалық мәліметтер арасындағы айырмашылық Ресеймен арада да байқалып отыр.

Перейти к новостям спорта