Оның айтуынша, Сарыағаш ауданында бір қазақстандық фирма үшін дәрілік шөптер жинап жүрген Ауғанстанның 26, Тәжікстанның 14 азаматы ұсталған. Ұсталғандардың жеке басын куәландыратын құжаттары болғанына қарамастан, дәрілік шөптерді жинауға ресми рұқсаты болмай шыққан.
«Бұл азаматтарды қазақстанның «Өз елім -Түркістан» фирмасы шетелдерден шақырып алған. Фирманы бұрынғы Ауғанстан азаматы басқарады»,- деді С.Еркебаев. Оның айтуынша, «шетелдіктер Қызыл кітаптағы шөптерді теріп жүрген». «Қазір біз табиғат қорғау прокуратурасына сауал жолдап, шығын көлемін анықтағалы отырмыз»,- деді ол.
Бұл дерекке қатысты материалдар Сарыағаш аудандық әкімшілік сотына өткерілді.