Құқық қорғаушы Шамсутдиновқа қатысты іс Астана мен Ташкент арасындағы қарым-қатынасқа көлеңке түсірмейді - ҚР бас прокуратурасы - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құқық қорғаушы Шамсутдиновқа қатысты іс Астана мен Ташкент арасындағы қарым-қатынасқа көлеңке түсірмейді - ҚР бас прокуратурасы

Құқық қорғаушы Шамсутдиновқа қатысты іс Астана мен Ташкент арасындағы қарым-қатынасқа көлеңке түсірмейді - ҚР бас прокуратурасы

Құқық қорғаушы Латфулло Шамсутдиновқа қатысты іс Қазақстан мен Өзбекстан басшылығы арасындағы қарым-қатынасқа салқынын тигізбейді. Бүгін, 15-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР бас прокурорының бірінші орынбасары Ілияс Бақтыбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Шiлде 2005
  • 507
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан мен Өзбекстан арасында қылмыстарға қатысы бар күдіктілерді бір-біріне өткеріп беру туралы келісімге қол қойылған»,- деді І.Бақтыбаев. «Алайда Қазақстан босқандар туралы конвенция мен босқындардың мәртебесі туралы халықаралық келісімдерді де бекіткен. Бұлардың мәртебесі екі жақты келісімдерден жоғары»,- деді прокурор. «Бұл жайтты өзбекстан жағы түсінеді деп сенемін»,- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өзбекстандық құқық қорғаушыӨзбекстан жағының өтініші бойынша 5-шілдеде Алматыда ұсталған. Онымен бірге отбасының мүшелері де, әйелі мен төрт баласы ұсталды.
Л.Шамсутдинов Әндіжандағы оқиғаларға тәуелсіз зерттеу жүргізіп жүрген. Алайда ол Өзбекстандағы билік тарапынан құқық қорғаушылар мен журналистерге қысым көрсетіле бастаған кезде өз отанынан қашып шығуға мәжбүр болды. 12-шілдеде Қазақстан жағы Өзбекстан азаматын БҰҰ-ның босқандар істері жөніндегі бас комиссары басқармасының қорғауына өткеріп беруге шешім қабылдады.

Перейти к новостям спорта